Ақтөбеде қаланы абаттандыру мен көгалдандыру мәселелері талқыланды

Ақтөбеде қаланы абаттандыру мен көгалдандыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына барып, қалалар мен аудандардың бірінші басшылары қатысқан, қалалық аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға кешенді көзқарас және Урбанистиканы дамытуға арналған облыстық семинар-кеңеске қатысты.

Сапар бағдарламасы күннің негізгі іс-шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимаратында өткен облыстық семинар-кеңестен басталды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, орталық атқарушы орган мен құрылымдық бөлім басшылары қатысты. Кеңес барысында кешенді абаттандыру, көгалдандыру, Урбанистиканы дамыту және қалалық ортаның сапасын арттыру мәселелері бойынша баяндамалар ұсынылып, тәжірибелік шешімдер алмасумен өтті.

Департамент директоры сәулет және қала құрылысы басқармасы және бөлім басшыларымен «Қоныс» спорт сарайы маңындағы саябақты, ҚР тұңғыш Президенті атындағы саябақты, Триатлон парк - Мәдениет және демалыс саябағын, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы сызықтық саябақты және «Алтын Орда» саябақ аймағы орналасатын қоғамдық-іскерлік орталықты аралады. Нысандарды аралау барысында қоғамдық кеңістіктерді дамыту, заманауи ландшафтық шешімдерді қолдану және жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Департамент директорының жұмыс сапары орталық және өңірлік атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, абаттандырудың озық тәжірибелерін таратуға және Қазақстан қалаларын дамытуда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.