2025 жылғы 12-26 тамыз аралығында машина жасау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 148-бабының 2-тармағына сәйкес машина жасау саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңадан құрылатын салалық комиссияға қосылу бойынша салалық кәсіптік одақтар мен салалық бірлестіктерден (ассоциациялар, одақтар) хабарлама қабылдайды. Хабарлама нысаны қоса беріледі.
Хабарламаны ресми байланыс арналары арқылы (БҚА, Е-otinish) бірінші басшының қолымен жолдау қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 (7172) 57-22-78.