Қазақстандық оқушылар Қытайда Жер туралы ғылымдар IESO 2025 халықаралық олимпиадасына қатысуда.

Қазақстандық оқушылар Қытайда Жер туралы ғылымдар IESO 2025 халықаралық олимпиадасына қатысуда.

Цзинин қаласында (ҚХР) Жер туралы ғылымдар бойынша 18-ші Халықаралық олимпиада (International Earth Science Olympiad – IESO 2025) өтуде. IESO – Жердің құрылымын, табиғи үдерістері мен құбылыстарын зерттеуге арналған жас геологтар арасындағы ең ірі ғылыми жарыс.

Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 34 елінен ұлттық командалар қатысуда. 10 күн бойы қатысушылар күрделі тапсырмаларды орындайтын болады, мәселен:

  • геологиялық далалық зерттеулер жүргізу;
  • геологиялық кескіндер мен үлгілерді талдау;
  • климаттық және табиғи деректерді интерпретациялау;
  • халықаралық аралас командалармен ғылыми жобалар әзірлеу.

IESO 2025 олимпиадасында Қазақстан атынан келесі талантты оқушылар бақ сынауда:

  • Айтжанова Алина – Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Атымтай Надира – Қызылорда қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Болат Ақжол – Талдықорған қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
  • Тұрсынханов Альнұр – Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

Исмаилова Жанат Қабиқызы – «Жас геолог» корпоративтік қорының директоры;

Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы – Қазақстан құрамасының жетекшісі.

Олимпиада 2025 жылғы 17 тамызға дейін жалғасады.

Анықтама:
International Earth Science Olympiad (IESO) – геология, метеорология, гидрология, астрономия және экология салаларын қамтитын, жоғары сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы халықаралық олимпиада. Бұл жарыс 2007 жылдан бері өткізілуде.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – Жер туралы ғылымдар саласындағы білімді дамыту және қоғамның геологиялық әрі экологиялық сауаттылығын арттыру.

Қазақстан құрамасы IESO олимпиадасына 2015 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандық оқушылар 6 алтын, 10 күміс және 19 қола медаль жеңіп алған.

Жас геологтарға сәттілік тілейміз!