Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Zoom конференциясы форматында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қатысушылар вице-министрге апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді жөндеу және жаңғырту мәселелерімен жүгінді, сондай-ақ техникалық байқаудан өтуді қажет ететін, апатты деп танылған және бұзылуға жататын тұрғын үйлердің тізбесіне қатысты ұсыныстар айтылды.
Қабылдау барысында Жәннат Дүбірова азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.