Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрметті құрылысшылар, сәулетшілер, жобалаушылар және басқа да сала мамандары!

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз біздің Қазақстанды көркейтіп, өмір сүруге жайлы етеді. Нағыз өз ісінің шеберлерінің арқасында тың жобалар мен идеялар жүзеге асуда.

Осы мерекеде сіздердің қызметтеріңіз, салынған әр бөлшек пен еліміздің дамуына қосқан үлестеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге денсаулық, жұмысыңызға табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! Армандарыңыз бен жобаларыңыз әрқашан орындалып, жұмысыңыз қуаныш пен разылық әкелсін!