Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Құрылысшылар күніне орай салтанатты шара өтті. Министр Ерсайын Нағаспаев сөз сөйлеп, құрылыс саласы – ел дамуының берік тірегі, халықтың өмір сапасын арттыратын стратегиялық маңызы зор сала екенін атап өтті.
Іс-шара аясында Министр құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін сала ардагерлері мен қызметкерлерді марапаттады. 35 маман «ПАРАСАТ», «ҚҰРМЕТ» және «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Құрметті құрылысшы» медальдарымен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында «Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС, «Астана-Строинвест Корпорациясы» ЖШС, «Мемсараптама» РМК, «Мемқұрылыскадастр» РМК, «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ, «Республикалық сметалық инженерлер одағы» ҚБ, «АстанаСтройЭнерго» ЖШС және т.б. сияқты ұйымдардың басшылары мен жетекші мамандары бар.
«Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында елімізде жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, өнеркәсіп орындары мен жолдар салынып, халқымыздың тұрмысын жақсартуға зор үлес қосып келесіздер. Саладағы әрбір жетістік, әрбір бой көтерген нысан — сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және ерен еңбектеріңіздің жемісі» – деді министр.
Марапатталғандар:
«ПАРАСАТ» орденімен
- Серік Нокин – «Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.
- Ғалымжан Әбдірайымов – « Астана-Строинвест корпорациясы» ЖШС-нің вице-президенті
«ҚҰРМЕТ» орденімен
- Батырбек Нәлібаев – «Бақтытжан» фирмасының шебер-құрылысшысы
- Берік Нұрманбетов – «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалының Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры
- Любовь Оспанғалиева – «Мемсараптама» РМК Әдістнама басқармасының жобаларын сараптау әдістемелік сүйемелдеу және сапа бөлімнің бас сарапшысы
- Тұрлыбек Мұсабаев – «Мемқұрылыскадастр» РМК бас директоры
- Түкібай Өзенбаев – зейнеткер
- Олег Голубенко – зейнеткер
- Ғабит Малғаздаров – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі
- Сейфолла Анафин – «Алуа Строй» ЖШС құрылыс компаниясының бригадирі
- Бақытжан Касимов – «Grappa-STROY» ЖШС директоры
- Асылбек Бертілеуов – «Қасиет LTD» ЖШС директоры
«ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» орденімен
- Садбенов Сәбит – 6 разрядты үңгушісі – «BCN Group» ЖШС бригадирі
- Сапарәлі Майрихов – «Capital Stroi KZ» прорабы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Абай Мұқашев – «Ақтаустройэксперт» ЖШС техникалық қадағалау бойынша сарапшы
- Татьяна Пяртель – «Республикалық инженер-сметашылар одағы» ҚБ президенті
- Максат Садуакасов – «Metal Former»ЖШС директоры
- Азамат Әжіғали – «KAZGOR» ЖШС авторлық қадағалау жөніндегі бас маманы
- Юрий Чункевский – «БК-СТРОЙ» ЖШС тас қалаушысы
«Құрметті құрылысшы» медалімен
- Бакытжан Байахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары
- Алмаз Идырысов – Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
- Алтымбек Бексултанов – «МТС ИНЖИНИРИНГ» ЖШС сараптамалық жұмыстар және инженерлік қызметтер бойынша сарапшы (техникалық қадағалау)
- Ерік Мұстафин – «Ақтаустройэксперт» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы
- Нұрзия Манашева – «UNION EXPERTS» ЖШС сарапшысы
- Бақытгұл Қабдышева – «EXPERT-PVL» ЖШС директорының орынбасары
- Жолдасбай Сәрсенбаев – «Астанастройэнерго» ЖШС техникалық қадағалау және жобаларды басқару бөлімінің жетекші инженері
- Гүлім Есмаганбетова – «Мемсараптама» Солтүстік өңірі бойынша департаменті өндірістік бөлімінің сарапшысы
- Қарлығаш Қасенаева – ЖШС «GAMMA-X» өңдеу жұмыстарының шебері
- Бауыржан Мадышев – «AQMOL-project» ЖШС құрылысты авторлық қадағалаумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
- Рүстем Шектібаев – «АБК-Бетон зауыты» ЖШС желі операторы
- Куаныш Айтжанов – «Sauran Towers» Дивизионы ЖШС Директоры
- Гүлнұр Балгаева – «Астанатехстройэксперт» ЖШС директоры
- Саламат Ахметов – «Холдинг NAK» ЖШС бас директоры
- Бауыржан Нұрғалиев – «Фирма АЛКОН+» ЖШС цех шебері
- Хандамир Ибадуллаев – «Мега Проект 2050 ЛТД» ЖШС-нің прорабы