Қазақстанның құрылыс саласындағы мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүйесінің құрылғанына 37 жыл толды. 1988 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес, ҚазКСР Мемқұрылыс жанындағы Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы бас басқармасы жұмысын бастады.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №88 Қаулысымен Жобаларға мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама бас басқармасы «Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) болып қайта құрылды.
Содан бері мемлекеттік сараптама жүйесі трансформация мен жаңғыртудың айтарлықтай жолынан өтті. Негізгі қадамдардың бірі электронды форматқа көшу және 2015 жылдан бастап құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды бірыңғай процеске біріктірген «бір терезе» қағидатын енгізу болды.
Жобаларды сараптау биыл құрылғанына 10 жыл толатын Бірыңғай портал арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл рәсімдерді оңтайландырып қана қоймай, отандық сараптама жүйесін ТМД кеңістігінде электронды жұмыс форматына көшкен алғашқылардың біріне айналдырды.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап кәсіпорын сараптамадан сәтті өткен жобаларды қайта пайдалануға мүмкіндік беретін Мемлекеттік жобалар банкінің операторы мәртебесін алды. 2024 жылдан бастап «Мемсараптама» РМК егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларынан бастап қалалардың бас жоспарларына дейінгі барлық деңгейдегі жобаларға кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу функциясын орындауға кірісті.
Халықаралық деңгейде «Мемсараптама» РМК кәсіби диалогтың белсенді қатысушысы болып табылады: 2017 жылы Қазақстанда сараптама ұйымдарының бірінші Халықаралық форумы өтті, ал 2023 жылы кәсіпорын сараптама ұйымдары арасында I Халықаралық спартакиада өткізді.