Қуандық Кажкенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Қуандық Кажкенов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында құрылыс саласына қатысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды.

Сонымен қатар азаматтар Алматы қаласындағы бірқатар нысандардың құрылысы кезінде қала құрылысы мен құрылыс нормаларының бұзылуы, жаңа тұрғын үйлерде инженерлік инфрақұрылымның болмауы, ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының проблемалары мен үлестік қатысу аясында салынған қаражатты қайтарудағы қиындықтарға назар аударды. Сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру аясында жеңілдікті санаттар тізімін кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Келіп түскен барлық өтініштер мұқият қаралып, жұмысқа қабылданды. Әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіппен қарау үшін сұрау салулар жолданатын болады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықпен ашық әрі жүйелі жұмысын жалғастыра отырып, жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізу арқылы шешімдердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылады.