Өнеркәсіп қжәне құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Тэ-Ик арасында кездесу өтті.

Өнеркәсіп қжәне құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Тэ-Ик арасында кездесу өтті.

Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның, оның ішінде машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуына ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Қостанай қаласындағы KIA автомобиль зауытының құрылысы.

Тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның келесі отырысын ағымдағы жылдың қарашасына жоспарланған автомобиль зауытының ашылуына дейін белгілеу мүмкіндігін қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.