ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиннің кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіп, құрылыс және сәулет салаларындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді, оның ішінде тауар айналымының тұрақты өсуі және инвестициялық белсенділіктің артуы.
Стратегиялық серіктестік мәселелеріне, сондай-ақ алдағы екіжақты сапарлар мен бірлескен іс-шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бірлескен инфрақұрылымдық жобалар аясында ынтымақтастықты дамыту бағыттары, оның ішінде «жасыл» минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Диалогты жалғастыра отырып, Министр Қытай тарапына ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сямэнь қаласында өтетін Жаңа өнеркәсіптік революция бойынша БРИКС серіктестік форумына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында белсенді диалогты жалғастыру және жаңа бастамаларды дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.