Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Rio Tinto, B2Gold және First Quantum Minerals халықаралық компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында аяқталған жұмыстардың нәтижелері және Қазақстан Республикасындағы жобаларды дамытудың алдағы жоспарлары таныстырылды.
Министрлік компанияларға өз бастамаларын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен инвестициялық жобаларға, технологиялық әлеуетті нығайтуға және экологиялық жауапты көзқарасты қамтамасыз етуге өзара мүдделі екендіктерін растады.