ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде өтініштер және тапсырмалармен жұмыс істеу бойынша семинар өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде өтініштер және тапсырмалармен жұмыс істеу бойынша семинар өтті

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштер және тапсырмалармен жұмыс істеу бойынша семинар өтті.

Спикерлер қатарында ҚПСАЖ ММ-нің өтініштермен жұмыс жасаудағы мемлекеттік органдардың қызметін бағалау бөлімінің басшысы Нұрлан Шәкетаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Е-Өтініш» жүйесін дамыту және үйлестіру бөлімінің бас менеджері Ақан Зейнолла сөз сөйледі.

Іс-шараға министрліктің қызметкерлері қатысты. Семинар спикерлері Мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу ережелері туралы, сондай-ақ жүйеге келіп түсетін, есепке алуға жататын/жатпайтын өтініштердің түрлері туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен бірге «е-өтініш» АЖ мүмкіндіктерін талқылады.