Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң серпіні атап өтілді, бұл жаңа бірлескен бастамаларды, оның ішінде машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру сияқты басым салаларда бастауға берік негіз жасайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйегіне жоспарланған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының отырысына дайындыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және екіжақты жұмыс тетіктері мен іскерлік бастамалар аясында өзара іс-қимылды арттыруға дайын екендіктерін білдірді.