QazIndustry Tizilim жүйесіне қатысты оқыту вебинарларын өткізеді

QazIndustry Tizilim жүйесіне қатысты оқыту вебинарларын өткізеді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша оқытуға арналған онлайн-вебинарлар сериясын өткізеді.

Вебинарлардың мақсаты – қатысушыларға тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ТЖҚ сатып алудың жаңа ережелерін түсіндіру, заңнамадағы соңғы өзгерістермен таныстыру, жаңартылған Tizilim жүйесін (мемлекеттік ақпараттық жүйе – Тізілім) қолдануды үйрету және tizilim.gov.kz порталында жұмыс істеуді меңгеруге көмектесу.

Барлық қалаушылар үшін қатысу мүмкіндігі ашық.

Zoom платформасында өтетін онлайн-кездесулер барысында жер қойнауын пайдаланушыларға арналған ТЖҚ сатып алу ережелеріндегі өзгерістерге шолу жасалады, Tizilim жүйесінің жаңартылған мүмкіндіктері мен интерфейсі таныстырылады, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жүйеде қалай жүргізу керектігі кезең-кезеңімен түсіндіріледі. Сарапшылар жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, нақты мысалдарды талқылап, tizilim.gov.kz порталына көшу кезеңдерін түсіндіреді.

Вебинарларға сатып алуды өз міндеттемелері шеңберінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысатын өнім берушілер, сондай-ақ барлық мүдделі тараптар шақырылады.

Вебинар кестесі (тамыз айы бойынша):

– 15 тамыз, сағат 15:00 (Астана уақытымен)

– 27 тамыз, сағат 15:00 (Астана уақытымен)

Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/94642074443

Қатысу үшін тіркелу: https://forms.gle/bhpupUEbCvM7ERis8

 Вебинар жазбалары QazIndustry ресми YouTube арнасында қолжетімді болады: https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos.

Барлық сұрақтар бойынша QazIndustry өкілі Думан Бақытбековке +7 (7172) 793390 (ішкі 1091) телефоны арқылы немесе d.bakytbekov@qazindustry.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.