2025 жылдың алғашқы 6 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі 8,4%-ға, өңдеуші өнеркәсіп 5,5%-ға өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында оң динамика өңдеуші өнеркәсіптің келесі негізгі салаларында байқалды: металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын, резеңке және пластмасса бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын, жеңіл өнеркәсіп пен жиһазды өндіру.
Машина жасау өнеркәсібі 11,1% (2 438,1 млрд теңге) деңгейінде өсуді автокөлік құралдары (+12,1%), басқа да көліктер (+7,1%), ауыл шаруашылығы машиналары (+1,3%), электр жабдықтары (+21,5%), компьютерлер, электронды және оптикалық жабдықтар өндірісі (1,7 есе), машиналарды жөндеу және орнату (+12%) есебінен көрсетеді. Сондай-ақ, ауыл және орман шаруашылығына арналған басқа да тракторлар (+39,3%), дестелегіштер (+71,2%), астық жинайтын комбайндар (+65,7%), мұнай және газ жабдықтары (+28,5%), жеңіл автомобильдер (+23,6%), автобустар (+5,4%), арнайы техника (+82,2%), жүк вагондары (3,8 есе) өндірісі өсті.
Металлургия саласында ферроқорытпа (+0,9%), шойын (+9,5%), болат (+2,3%), мыс (+3,6%), қапталған болаттан жасалған сэндвич-панельдер (+39,6%) өндірісінің өсуі есебінен 6 айда өндіріс көлемі 0,1%-ға өсті.
Жеңіл өнеркәсіп секторында киім (+5,6%) және тоқыма (+5,7%) өндірісінің артуы есебінен саланың өндіріс көлемі 4,1%-ға өсті.
Химия өнеркәсібінде полипропилен (+63%), фосфор тыңайтқыштары (+10,9%), металлургиялық хром оксиді (+1,6%), аммофос (+81%), күкірт қышқылы (4,5%), лак-бояу материалдары (+5,8%), жуғыш заттар (+5,8%) өндірісінің артуы есебінен өндіріс көлемі 7%-ға артты.
Құрылыс материалдары өндірісінде өсім отқа төзімді бұйымдар (+0,9%), цемент (+21,8%), әк (+8,3%), құрылысқа арналған бетон бұйымдары (+13,1%), бетоннан, тауарлы бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары (+13,1%), құрылыс ерітінділері (+8,5%), ескерткіштер, әрлеу мен құрылысқа арналған өңделген тас (+28,2%), сондай-ақ цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плиткалар, плиталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (+7,5%) өндірісінің артуы есебінен 8,6% құрады.