2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» жаңғыртылған мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда Tizilim жүйесіне үш мыңға жуық қатысушы тіркелген. Жүйеде мыңнан астам сатып алу рәсімі қалыптастырылып, оның шамамен 250 аяқталған деп танылды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірыңғай байланыс орталығына Tizilim жүйесіне қатысты техникалық қолдау мәселелері бойынша 1500-ге жуық өтініш түсті, олардың басым бөлігі қаралып, тиісті шаралар қабылданды.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап жаңа сатып алулар туралы хабарландырулар тек tizilim.gov.kz сайтында жарияланады. Бұл платформа reestr.nadloc.kz жүйесін алмастырды.
Tizilim жүйесінің іске қосылуы жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алуларды айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, серверлік жабдықтың жаңартылуы электрондық қызметтердің жылдамдығы мен сапасын арттырды. Сатып алулар Бірыңғай номенклатуралық анықтамаға негізделіп жүргізіле бастады, бұл басқа жүйелермен біріктіруді жеңілдетіп, талдау жүргізуді тиімдірек етті. Одан бөлек, жүйе Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың жаңа ережелерін, оның ішінде оффтейк-шарттар механизмін ескере отырып жаңартылды.
Tizilim жүйесінде тіркелу бойынша нұсқаулықтармен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1022577?lang=ru
https://qazindustry.gov.kz/ru/article/3845-zapushchena-registratsiya-uchastnikov-gis-tizilim
Естеріңізге сала кетейік, Tizilim жүйесінің жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша 1465 бірыңғай байланыс орталығына немесе https://t.me/reestrtizilim telegram-ботқа жүгінуге болады.