ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш жұмыстардың аясында 21–29 шілде күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өңірлерге арналған онлайн-кеңестер ұйымдастырылады.
Алғашқы кездесулер 21 шілде күні Қызылорда және Ақтөбе облыстарының бизнес қауымдастығымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін және СТ-KZ пен индустриялық сертификаттардың орнына енгізілетін қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс істеу қағидаларын өңірлерге толығырақ түсіндіру әрі туындаған сұрақтарға жауап беру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, тізілім 2025 жылғы 19 мамырда қол қойылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында құрылған болатын.
Тізілімді түсіндіру бойынша онлайн-кеңестер өткізу кестесі
№ |
Өңірлер |
Өткізу күні |
1 |
Атырау облысы |
22 шілде, 10.00 |
2 |
Маңғыстау облысы |
22 шілде, 14.00 |
3 |
Астана қаласы |
22 шілде, 16.00 |
4 |
Алматы облысы |
23 шілде, 10.00 |
5 |
Павлодар облысы |
23 шілде, 14.00 |
6 |
Шымкент қаласы |
23 шілде, 16.00 |
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
24 шілде, 10.00 |
8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
24 шілде, 14.00 |
9 |
Алматы қаласы |
24 шілде, 16.00 |
10 |
Түркістан облысы |
25 шілде, 10.00 |
11 |
Жетісу облысы |
25 шілде, 14.00 |
12 |
Жамбыл облысы |
25 шілде, 16.00 |
13 |
Абай облысы |
28 шілде, 10.00 |
14 |
Қостанай облысы |
28 шілде, 14.00 |
15 |
Ақмола облысы |
28 шілде, 16.00 |
16 |
Ұлытау облысы |
29 шілде, 10.00 |
17 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
29 шілде, 14.00 |
18 |
Қарағанды облысы |
29 шілде, 16.00 |
Онлайн-кездесулерге қатысу және өзге де ұйымдастыру мәселелері бойынша 8 (7172) 79-33-90 (ішкі. 1058) немесе a.turlykhanova@qazindustry.gov.kz электрондық мекенжайына (QazIndustry бас сарапшысы Ақбота Тұрлыханова) хабарласуға болады.