Qulpynai Production: өтелген шығындар – тұрақты дамуға жол ашты

Qulpynai Production: өтелген шығындар – тұрақты дамуға жол ашты

Қазақстандық кәсіпорындар өз жұмысының тиімділігін арттыруға және дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды жалғастыруда. Осындай құралдардың бірі-бизнесті өндірістік процестерді жетілдіруге, еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандыратын шығындардың бір бөлігін өтеу тетігі.

2024 жылы елімізде мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі енгізілді: өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары сатып алынған технологиялық жабдық құнының 40%-ына дейін өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл қадам өндірісті жаңғырту мен заманауи технологияларды енгізуге қосымша серпін берді.

Алматы қаласындағы кондитерлік өнімдер шығаратын Qulpynai Production кәсіпорны QazIndustry ұсынған ынталандыру шараларын пайдаланды. Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы компанияға еуропалық технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған 24,2 млн теңгені өтеп берді. Германия, Италия және Нидерландыдан жеткізілген торттарға глазурь жағатын жүйелер, крем пісіруге арналған қазан, миксерлер мен үстелге орнатылатын арнайы құрылғы өндірістік үдерістерді айтарлықтай жетілдіруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде өнімнің дәл мөлшерленуіне, сапаның тұрақтылығына, қол еңбегінің азаюына, сондай-ақ сыртқы түрі мен дәмінің біркелкілігіне қол жеткізіліп, шығарылатын өнім түрлері кеңейді.

«Шығындарды мемлекет тарапынан өтеу - бұл кәсіпорындар үшін үлкен алға қадам. Ол бизнеске артық қаржылық салмақ түсірмей-ақ, өндірісті дамыту мен жаңғыртуға инвестиция салуға мүмкіндік береді», — дейді «Qulpynai Production» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Нұржалғас Бекенов.

Qulpynai Production компаниясында 220-дан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда бірнеше өндірістік цех жұмыс істеп тұр, ал тағы бір цехтың құрылысы жүргізілуде. Компанияның өнім ассортименті 110-нан астам атауды қамтиды.

Компания алдағы уақытта өндірістік базасын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. QazIndustry тарапынан өтелген шығындар бұл мақсатқа уақытылы жасалған тиімді инвестиция болды.

Еске сала кетейік, жылдың бірінші жартысында QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындарға жалпы 908,1 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетті.

Шығындарды өтеу шарттарымен толығырақ  https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support сілтемесі бойынша танысуға болады немесе аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry ғимаратында (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогында) өтетін Ашық есік күндеріне келу арқылы білуге болады.