Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп  және құрылыс министрлігі Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтайды!

 Металлургия – еліміздің индустриялық және экономикалық дамуының негізі саналатын стратегиялық маңызы бар сала. Бұл салада еңбек ету — зор кәсіби шеберлікті, табандылықты және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сіздердің адал еңбектеріңіздің, терең тәжірибелеріңіздің арқасында Қазақстан металлургиясы тұрақты дамып, әлемдік деңгейде танылып келеді.

 Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Еңбектеріңіз бағаланып, әрдайым ел игілігіне қызмет ете беріңіздер!

Мерекемен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі