2025 жылғы 7–10 шілде аралығында Екатеринбург қаласында Ресейдегі ең ірі өнеркәсіптік көрмелердің бірі — ИННОПРОМ-2025 өтуде. Бұл көрме халықаралық технологиялық диалог пен іскерлік келісімдер жасасуға арналған тиімді алаңға айналды.
Аталған іс-шараға «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (EEDI) қатысып, Қазақстан аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі ресейлік жетекші құрал-жабдық өндіруші компаниялармен келіссөздер жүргізді.
B2B кездесулер аясында келесі компаниялармен әріптестік бағыттары талқыланды:
«Парус Электро» компаниясы – үздіксіз қуат көздері (UPS), электр көліктеріне арналған зарядтау станциялары (ЭЗС) және басқа да түрлендіру құрылғыларын шығаратын ресейлік өндіруші;
«Штиль» компаниялар тобы – электротехникалық жабдықтар нарығындағы Ресей көшбасшыларының бірі. Айнымалы және тұрақты токқа арналған UPS, тұрақтандырғыштар, инверторлар, трансформаторлар және қуатпен жабдықтау қондырғыларын шығарады;
Enercom компаниясы – өндірістік энергия үнемдейтін жарықтандыру саласындағы танымал сарапшы. Ресей, Қазақстан, ЕО елдерінде жобаларды іске асырады, БАӘ мен Түркияда өкілдіктері бар. Клиенттері қатарында – ТМК, РЖД, Heineken, Danone бар. Компанияда жарықдиодтар мен нанокерамика саласындағы патенттері бар, «Алтын фотон» және ENES сыйлықтарының лауреаты.
Келіссөздер нәтижесінде «Электр энергетикасын дамыту энергия үнемдеу институты» АҚ мен Enercom компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат Қазақстан нысандарында энергия тиімді жарықтандырудың заманауи жүйелерін енгізу кезінде техникалық шешімдермен және сараптамалық қолдаумен алмасуды көздейді.
«Электр энергетикасын дамыту энергия үнемдеу институты» АҚ заманауи энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және интеллектуалды инфрақұрылымды дамыту бағытында халықаралық серіктестікті нығайтуды жалғастыруда.