Алматыда көміртекті кремний композитін шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жоба жаңартылатын өсімдік шикізаттарын пайдалану және авторлардың оны өңдеуге деген көзқарастарымен бірегей. Қондырғы қайталама ресурстар – күріш өңдеу қалдықтарымен жұмыс істейді.
Өндірісті құрудан бұрын ұзақ ғылыми зерттеулер жұргізілді. 2004 жылы ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығында күріш қауызын кәдеге жарату бойынша дербес ғылыми бағыт қалыптасты. Осы кезеңде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында көп тонналық қалдықтарды өңдеу және кремнийкөміртекті өнімдерді пайдалану саласындағы өнертабыстарға 15-тен астам патент алынды.
ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы жылына 1500 тонна кремнийкөміртегі жобалық қуатына жетуді, өнімдерді әзірлеуді және нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
Кремнийкөміртекті композитті қолдану ауқымы кең. Өндірушілер резеңке-техникалық бұйымдарын шығаруға ден қоюда. Толтырғыш ретінде кремнийкөміртекті материал резеңкелердің қаттылығы мен беріктігін арттырады. Дәл осы салада ғалымдар өз орнын алуды жоспарлап отыр.