Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 39 кен орны бойынша электронды аукцион өткізетінін хабарлайды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 39 кен орны бойынша электронды аукцион өткізетінін хабарлайды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрамында қатты пайдалы қазбалар қоры бар 39 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 2 шілдесінен 2 қыркүйегіне дейін «minerals.e-qazyna.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы қабылданады.

Электрондық аукцион ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «minerals.e-qazyna.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында өтеді.