Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде машина жасау, құрылыс өнеркәсібі және бірлескен кәсіпорындарды дамытуды талқылады.

Сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты дамуы және ынтымақтастықты кеңейтудің жоғары әлеуеті атап өтілді.

Үкіметаралық комиссия аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Әріптестікті одан әрі нығайту және өнеркәсіп саласында өзара тиімді бастамаларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.