Министр Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдау өткізді

Министр Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдау өткізді

Үкімет қабылдау орталығының алаңында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Астана және Екібастұз қалаларының тұрғындары мүгедектігі бар тұрғындарға арналған ескірген құрылыс нормалары мен ережелерін өзгерту, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй бөлу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер бойынша сұрақтар қойды.

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру, кешенді нысандарды жобалау және салу мәселелері түсіндірілді.

Одан бөлек, тұрғындар елді мекендерді жоспарлау мен дамыту және барлық азаматтардың инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын айтты.

Министр өз кезегінде азаматтарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс айтып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді, сондай-ақ қабылдау қорытындысы бойынша қадағалаушы комитеттердің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.