Құрылыс кодексі жобасы бойынша жұмыс тобының 43-отырысының шеңберінде жер сілкінісіне төзімділікті күшейтуге қатысты түзетулер қаралды.
Ұсынылған түзетулер сейсмикалық микроаймақтандыру деректерін, сондай-ақ елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде сел және көшкін қаупі бар учаскелерді көрсететін карталарды міндетті түрде есепке алуды көздейді.
Депутаттардың жоғарыда аталған ұсыныстары жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұл жер сілкінісі кезінде ықтимал залалды азайтуға бағытталған оңтайлы қала құрылысы шешімдерін қабылдауға ықпал етеді және орнықты даму және қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес келеді.