ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірінің президенті Мартин Вожур және Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойер бастаған өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын, соның ішінде жаңа буын KZ6 локомотивін дамыту, сигнал беру технологияларын локализациялау және қалааралық пойыздар мен трамвайларды пайдалана отырып, қалалық ұтқырлықты дамытуды талқылады.
Министр көлік инфрақұрылымын жаңғырту және инвестициялық серіктестікті кеңейту үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Мартин Вожур Alstom компаниясының Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады.
Кездесу соңында тараптар сындарлы диалог үшін өзара ризашылықтарын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін растады.