Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Wabtec корпорациясының президенті Рафаэль Сантана мен ТМД, Еуропа және Африка аймағы бойынша аға вице-президент Гохан Байханмен кездесті.
Тараптар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Wabtec корпорациясы арасында баламалы отынға көшу перспективасымен Қазақстанда локомотивтер мен дизельдік қозғалтқыштарды өндіру туралы ұзақ мерзімді келісім жасау мүмкіндігін талқылады.
Министр өндірістік базаны дамыту және технологиялық әріптестікті нығайту бойынша бірлескен жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Рафаэль Сантана бұл бастаманың стратегиялық сипатына тоқталып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыру және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту ниетін растады.