Министрлікте әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізді

Министрлікте әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен маңызды ақпараттық-түсіндіру семинары өтті. Шараға Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Мақпал Тәжібай, Есіл аудандық прокуратурасының прокуроры Әйгерім Абдраш және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжахан Үсенова қатысты.

Семинар барысында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте көзделген маңызды құқық бұзушылықтар талқыланды, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбау мәселелері қарастырылды.

Ең маңыздысы, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындармен айналысуына тыйым салатын өзгерістердің енгізілуі болды. Жаңартылған заңнама бойынша, казиноға бару тәртіптік жауапкершілікке, ал құмар ойындарға қатысу – жұмыстан босатуға әкеледі. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық және этикалық стандарттарды сақтауы қажеттігін растайды.

Семинар мемлекеттік қызметшілер арасында ашықтықты қамтамасыз ету және жоғары моральдық нормаларды қолдау жолында маңызды қадам болды, заңның қатал сақталуы мен жауапкершілік принциптеріне ерекше назар аударылды.