«ҚазАзот» АҚ өнім желісін кеңейтіп, түйіршіктелген аммоний сульфаты өндірісін іске қосуда.
«ҚазАзот» АҚ — Қазақстанның химия өнеркәсібін тұрақты дамыту және жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы ірі минералды тыңайтқыш өндірушілердің бірі.
Өндірістік қуаттарды жаңғырту және өнім портфелін стратегиялық кеңейту бағдарламасы аясында «ҚазАзот» АҚ жаңа өнім — түйіршіктелген аммоний сульфаты өндірісін сәтті іске қосты.
Бұл тыңайтқыштың айрықша ерекшелігі — аммоний сульфаты жанама өнім болып табылатын бірқатар аналогтардан айырмашылығы оның жоғары тазалығы және мақсатты өндірісі. Технологиялық қондырғыларды қайта құрудың арқасында кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласының заманауи талаптарына сай келетін тыңайтқыштың тұрақты сапасы мен нақты агрохимиялық сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Өндірістің жобалық қуаты жылына 40 000 тоннаны құрайды.
Өндірілетін өнім мемлекеттік субсидиялау бағдарламасына енгізілген, бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тыңайтқыш құнының 60% дейін өтемақы алуға мүмкіндік береді. Осы қолдау аясында биылдың өзінде еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріндегі аграрлыщ қызметкерлерге 8500 тоннадан астам аммоний сульфаты жеткізілді.
«ҚазАзот» АҚ жаңа өнімдері егін өнімділігін арттыруға, топырақ құнарлылығын жақсартуға және импорттық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтуға көмектеседі, осылайша Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.