25 маусым күні «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «Tizilim» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша вебинар өткізеді.
Вебинардың мақсаты – пайдаланушыларға Tizilim жүйесіне өту және оны қолдану бойынша қажетті білім мен дағдыларды ұсыну. Мамандар Тізілімнің негізгі функцияларын көрсетіп, тапсырыс беруші мен өнім беруші ретінде тіркелу жолдарын, жүйеде жұмысты қалай бастау керектігін және негізгі мүмкіндіктерді қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіреді. Іс-шара барысында қатысушыларға жүйенің интерфейсі көрсетіліп, туындаған барлық сұрақтарға жауап беріледі.
Вебинарға жер қойнауын пайдалану саласындағы сатып алуға қатысатын жер қойнауын пайдаланушылар мен өнім берушілер шақырылады. Басталу уақыты сағат 15.00-де.
Вебинарға тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтініш қалдырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdxhyLGKgmtbWcj2QNvd7HLUSpaNiyOVEGkRlhr5SRDZLwJFQ/viewform?usp=dialog.
Орын саны шектеулі болғандықтан, вебинардың жазбасы QazIndustry-дің ресми YouTube арнасында қолжетімді болады: https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos.
Вебинар видеоконференция форматында өтеді. Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/97402764442?pwd=0CbL7ruY1BYXzrbAehyZMcbCGtgXxI.1.
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 79 33 90 (ішкі 1091) нөміріне немесе d.bakytbekov@qazindustry.gov.kz электронды поштасына (Бақытбеков Думан) хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, қазіргі күні Tizilim мемлекеттік ақпараттық жүйесіне пайдаланушыларды тіркеу қолжетімді. Жүйе 1 шілдеден бастап өз жұмысын бастайды.