2025 жылғы 23 маусымнан бастап Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және олардың өндірушілердің жаңғыртылған Tizilim мемлекеттік ақпараттық жүйесіне пайдаланушыларды тіркеу қол жетімді болады.
Пайдаланушыларға түсінікті болу үшін Tizilim жүйесіне тапсырыс беруші және жеткізуші ретінде тіркелу алгоритміне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде қадамдық бейне нұсқаулықтар мен инфографикалар дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап сатып алу рәсімдері тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жаңа номенклатуралық анықтамалығы (ТЖҚБН) негізінде жүргізілу жоспарлануда. Tizilim мемлекеттік ақпараттық жүйесі нормативтік өзгерістерге сәйкес әзірленіп, сатып алу рәсімдерін тек қана ТЖҚБН кодтарына сәйкес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушылар ТЖҚБН анықтамалығын пайдалану құқығын алу үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен келісімшарт жасасуы қажет.
Айта кетейік, жүйе ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен мемлекеттік техникалық сынақтар мен тестілеуден сәтті өтті.
Tizilim мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.