«Елге қызмет – жүрек қалауы»: 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Динара Арыстанова хикаясы

«Елге қызмет – жүрек қалауы»: 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Динара Арыстанова хикаясы

Мемлекеттік қызметкер Динара Арыстанованың еңбек жолы 2004 жылы қарапайым бухгалтерлік қызметтен басталды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Орталық Азиялық университетті және Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Мамандығы – қаржы, мұнай-газ ісі және құқықтану. Бірнеше саланы меңгеру арқылы Динара Қазақстандағы түрлі министрліктер мен ведомстволарда әртүрлі қызмет атқаруға мүмкіндік алды. 

— «Мен үшін мемлекеттік қызмет – жай ғана жұмыс орны емес, бұл – өмірлік миссия. Елге қызмет ету – жүректен шыққан таңдау», — дейді өзі. 

15 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі барысында Динара Энергетика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрлігінде үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ол Геология комитетінде өз жұмысын табандылықпен жалғастырып келеді. Қай жерде жұмыс жасамасын, ол өзінің адалдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді.

Жауапты шешімдер қабылдау, құжаттармен мұқият жұмыс істеу, салааралық келіссөздер жүргізу – оның күнделікті қызметінің бір бөлігі. Әсіресе, жер қойнауын пайдалану саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ел экономикасының өзегі саналатын салада елеулі үлес қосты. 

Динара болашақ мемлекеттік қызметкерлерге ол мынадай кеңес береді: «Мемлекеттік қызмет – жүрекпен таңдалатын жол. Бұл салада ең бастысы – адалдық, еңбекқорлық және елге деген шынайы сүйіспеншілік. Егер осы үш қасиет болса, кез келген сынақтан өтесің». 

Динара Арыстанованың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол ҚР Құрмет грамотасымен (07.03.2020 ж.) және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен (02.12.2021 ж.) марапатталған. Бұл марапаттар – ел алдындағы қызметтің, адал еңбектің лайықты бағасы.