Ольга Кречетова 28 жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Оның 20 жылын ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінде өнеркәсіпті дамыту мен қолдауға арнады.
Бүгінде Ольга Владимировна стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі, саланың тиімді дамуын қамтамасыз ету және маңызды бастамаларды жүзеге асыру бөлімін басқарады. Кәсіби шеберлік, тәжірибе және адалдық оны өз саласындағы нағыз көшбасшы етеді.
Ольга Владимировна мемлекеттік органдардағы еңбек жолын 1998 жылдың ақпан айында Астана қаласы бойынша Әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалар басқармасының Әлеуметтік саясат басқармасының әлеуметтік қорғау реформаларын және шағын несие саясатын үйлестіру бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.
2001 жылдың наурыз айынан бастап Ольга Владимировна ҚР Экономика және сауда министрлігінің Салааралық үйлестіру департаментінің инновациялық саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді, ал 2004 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаменті Инновациялық даму департаментінің инновациялық даму бөлімінің бастығы болды.
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінде 2005 жылдың қаңтарында Инновациялық және ғылыми-технологиялық даму департаменті инновациялық инфрақұрылымды реттеу бөлімінің бас маманы болып бастады. Қазіргі уақытта Ольга Владимировна стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі бөлімінің басшысы.
Ольга Владимировна «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар – «ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен және Қазақстан Республикасының қоғамдық қызметі мен саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін растайтын Құрмет грамотасымен марапатталған.