Бұл – мемлекеттің дамуы мен халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген адал жандардың кәсіби мерекесі.
Құрылыс саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген әріптестерімізді ерекше атап өткіміз келеді:
Медетова Қызғалдақ Абдыкаримовна – тұрғын үй қорының дамуына жетекшілік етіп, көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан, 4 баланың ардақты анасы;
Молдыбаев Алекжан Сейтжанович – мемлекеттік қызметке 30 жылдан астам өмірін арнаған, құрылыс және ТКШ саласының нағыз ардагері;
Айтқужин Жасұлан Қайратұлы – жобалық басқару саласының білікті ұйымдастырушысы, жаңа буын басшысының жарқын үлгісі.ғ
Олардың қажырлы еңбегі мен адалдығы – болашақ ұрпаққа үлгі.
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!