Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі барша мемлекеттік қызметтегі әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мереке халыққа адал қызмет етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне күнделікті үлес қосып келе жатқан азаматтардың кәсіби мерекесі.
Мемлекеттік қызмет жауапкершілікті, кәсібилікті және өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылуды талап етеді.
Сіздердің еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің арқасында мемлекетіміз жаңа белестерді бағындырып, жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыра алады.
Баршаңызға денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз нәтижелі болып, халқымыз бен еліміздің игілігіне атқарған қызметтеріңіз лайықты бағалана берсін!
Мереке құтты болсын!