Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Петропавл қаласына жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында бизнес өкілдері мен мүдделі азаматтар вице-министрге жер қойнауын пайдалану саласында алдағы 1-2 жылға жоспарланған негізгі цифрлық бастамалар, смарт технологияларды енгізгісі келетін кәсіпорындарды қолдау шаралары туралы сұрақтарымен жүгінді.
Вице-министр әр сұраққа жеке жауап берді. Құрылыс саласындағы бизнес-процестерді цифрландыру тақырыбына, Инфрақұрылымдық деректердің бірыңғай геопорталы арқылы рұқсаттар беру және жобалар жобаларын келісу бойынша пилоттық жобаны іске қосу нәтижелеріне назар аударылды.
Барлық жеткізушілер үшін Бірыңғай төлем құжатын заңнамалық деңгейде қолдану, жобалау мен құрылысқа бастапқы рұқсат беру мерзімдері бойынша түсіндірмелер берілді.
Сапар аясында Жәннат Дүбирова министрлік жетекшілік ететін салаларды цифрландыру бойынша негізгі жобалар туралы презентация жасады. Атап айтқанда, вице-министр Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы, геологияда АИ қолдану, Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе туралы айтты.
Ол өнеркәсіп саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа модулін іске қосу және Қазақстандағы кәсіпорындар туралы деректерді цифрландыру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Вице-министр құрылыс саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі, саланы цифрлық түрлендірудің бірінші кезеңі ретінде мемлекеттік қала құрылысы кадастры, мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы жасанды интеллект пилоттық жобасы, «Smart Turmys» бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық платформасы туралы айтты.
Сондай-ақ вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Өтініш берушілер өңірдегі жылу және сумен жабдықтау жүйесін дамыту мәселелерін көтерді. Жәннат Дүбірова модернизациялануы жоспарланған нысандар пулына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр қатысушыларға белсенділіктері мен сұрақтары үшін алғысын білдірді.