Дәстүрлі кен ресурстарының барланған қорының азаюы аясында Қазақстан минералдық-шикізат базасын толықтыру және оны тұрақты пайдалану бағытында жүйелі шараларды қабылдауда.
Басты шаралар:
• «Кім бірінші келсе – соған артықшылық» қағидатына негізделген батыс-аустралиялық үлгідегі жер қойнауын пайдалану моделі енгізілді, бұл геологиялық барлауға жеке инвестициялар тартуға серпін берді.
• 2026 жылға қарай геологиялық барлау жұмыстарының аумағы 1,9 млн-нан 2,2 млн шаршы шақырымға дейін кеңейтіледі.
• CRIRSCO халықаралық стандартының енгізілуі мен геодеректерді цифрландыру барлық инвесторларға перспективалы учаскелерге тең әрі ашық қолжетімділік қамтамасыз етеді.
• Табыстылықтың ішкі нормасы (IRR) 15%-дан төмен жобалар үшін пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салықтан (НДПИ) 5 жылға дейін босату қарастырылған, бұл күрделі кен орындарын игеру үшін қолайлы жағдай жасайды.
• 55 млрд тоннадан астам техногендік минералдық түзілімдердің (ТМТ) паспорты жасалып жатыр — бұл болашақта қайта өңдеуге тартуға болатын қуатты шикізат көзі.
Қазақстан жер қойнауын пайдаланудағы ресурстық дербестік пен ұзақмерзімді инвестициялар тарту жолында сенімді түрде алға ілгерілеп келеді.