Премьер-министр Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатында болды. Биылғы бес айда кәсіпорын қатты болат өндірісін 13%-ға – 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтты.

Премьер-министр Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатында болды. Биылғы бес айда кәсіпорын қатты болат өндірісін 13%-ға – 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтты.

Премьер-министрге қуаттылығы жылына 4 млн тоннаға дейін сұйық болат конвертер цехыныңалаңында Президенттің тапсырмасына сәйкес өндірістік қуаттарды табиғи газға қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндалды. Өткен жылы №1 және №2 конвертерлерге күрделі жөндеу жүргізіліп, корпустар толық ауыстырылды, анағұрлым заманауи әрі орнықты конструкциялар орнатылды. Бұл болат балқыту көлемін ұлғайтуға және цехтың өндірістік тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Мұнда Олжас Бектенов №8 және №9 кокс батареяларының құрылысымен танысты. Қуаттылығы жылына 1,5 млн құрғақ кокс болатын инвестициялық жоба Премьер-министрдің 2024 жылғы 5 қарашада Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде қытайлық ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Co., Ltd компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 2027 жылға жоспарланған өндірістің негізгі параметрлері танысытырлды.

Qarmet басшылығы жаңа құю-прокат кешенін салу жобасын жүзеге асыру туралы баяндады. Кешенді іске қосу автомобиль, химия, мұнай, құрылыс және басқа да салалар үшін болаттың премиум маркаларын өндіруді игеруге мүмкіндік береді. Жоба қазақстандық болатты өткізу нарықтарының географиясын кеңейтеді, энергия шығынын төмендетеді және өндіріс кезінде қоршаған ортаға әсерін азайтады.

Сондай-ақ зауыттың айналасындағы шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік белдеуінің жобасы таныстырылды. ШОБ қаптамалар мен сүзгілерден бастап жарық техникасы мен болаттан жасалған бұйымдарға дейін қосылған құны жоғары өнімдер шығарады. Алғашқы офтейк-келісімшарттар жасалды, кәсіпкерлерге дайын өндірістік алаңдар және жылына $87 млн сомасына өнімді кепілді өткізу ұсынылды.

Дереккөз: Primeminister.kz