Моноқалаларда бес айда офтейк-келісімшарттар көлемі 15 млрд теңгеге жетті — Олжас Сапарбеков 

Моноқалаларда бес айда офтейк-келісімшарттар көлемі 15 млрд теңгеге жетті — Олжас Сапарбеков 

Кеңес барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков жыл басынан бері моноқалалар бойынша жалпы құны 15,1 млрд теңге болатын 46 офтейк-келісімшарт пен ұзақмерзімді шарттарға қол қойылғанын баяндады. Бұл кепілдендірілген сатып алу тетіктерін кеңейту мен ірі жүйе құраушы кәсіпорындармен ынтымақтастық арқасында мүмкін болды.

«Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылы моноқалалардағы кәсіпорындармен жасалған ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың офтейк-келісімшарттары мен ұзақмерзімді шарттарының саны 50-ге дейін артып, жалпы сомасы 10,3 млрд теңгені құрады. Биылғы 5 айда жалпы құны 15,1 млрд теңгені құрайтын 46 келісімшарт пен ұзақмерзімді шарттарға қол қойылды», —

деп атап өтті вице-министр.

Отандық өндірушілерге импортты алмастыру саясатын іске асыра отырып, ERG, «Қазақмыс», «Қазмырыш» және басқа да ірі инвесторлар қолдау көрсетеді.