QazIndustry өндірушілер мен ірі тапсырыс берушілер арасындағы байланыстарды нығайтуда

QazIndustry өндірушілер мен ірі тапсырыс берушілер арасындағы байланыстарды нығайтуда

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» АҚ отандық өндірушілерді қолдау бағыты бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Орталық отандық кәсіпорындарға мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қатысу арқылы өнім өткізу мүмкіндіктерін табуға, өндірістерді жергіліктендіруге және ішкі нарықта тауарларды ілгерілетуге жәрдемдеседі.

Осы мақсатта QazIndustry өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында өңірлерді дамыту, машина жасау саласын дамыту, жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу және ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру дирекцияларының мамандары болды. Сонымен қатар, орталық мамандарымен бірге кәсіпорындарға ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен сатып алушылар – «Казцинк», ERG компаниялар тобы және KazMinerals өкілдері де барды.

Мамандар өңірдің бірқатар жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары: «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Кэмонт», «Өскемен арматура зауыты», «Шығысмашзауыт» ЖШС, «Силумин-Восток», «Турбомаш» өндірістік фирмасы, «Өскемен конденсатор зауыты» және «Манометр» кәсіпорындарын аралады. Қатысушылар зауыттардың өндірістік қуаттарымен, технологиялық мүмкіндіктерімен және өнім ассортиментімен танысып, өндірісті кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесулер барысында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ірі тапсырыс берушілер арасындағы ұзақмерзімді әріптестік тетіктері, соның ішінде оффтейк-келісімшарттар мен кепілдендірілген жеткізілім шарттарын жасасу мүмкіндігі ерекше назарға алынды. Мұндай шаралар өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға, кәсіпорындарды тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз етуге және жеткізілім тізбектеріндегі қазақстандық қамту үлесін көбейтуге мүмкіндік береді.

Іс-сапар аясындағы кәсіпорындар басшылығымен кездесулерде кластерлік бастамалар, өңір кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстар, кадрмен қамту мәселелері және Отандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру сұрақтары да қарастырылды.