Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жұмыс орнында кемсітушіліктің алдын алу бойынша семинар өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде жұмыс орнында кемсітушіліктің алдын алу бойынша семинар өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелердің бірі — мемлекеттік мекемелерде әйелдерге қатысты жыныстық кемсітушілік пен харассмент алдын алу тақырыбында семинар өтті. Іс-шара Этика жөніндегі уәкіл Сыздыкова Д.Б. қызметі аясында ұйымдастырылды.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері — Бибігүл Ағибаева дәріс оқыды.

Бибігүл Шакирбайқызы өз баяндамасында харассмент ұғымының мәнін ашып, қазіргі таңда қаралу үстіндегі Еңбек кодексі мен Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістерге, атап айтқанда жыныстық қудалау мен кемсітушілік үшін жауапкершілік қарастырылған жаңа нормаларға тоқталды.

Семинар барысында үш нақты еңбек дауы мысалында қызметкерлердің қысымға және харассментке ұшыраған жағдайлары талданды.

Іс-шара қатысушылардың белсенді қызығушылығын тудырды: министрлік қызметкерлері сұрақтар қойып, пікір алмасты, сондай-ақ даулы жағдайларда әрекет ету бойынша нақты ұсыныстар алды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әділет, теңдік және қауіпсіз еңбек қағидаттарына бейілділігін растайды және кез келген кемсітушілік түрлерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.