Қостанай облысы Рудный қаласында жыл сайынғы ERG Skills кәсіби шеберлік байқауын қорытындылады. Оған Топ кәсіпорындарының жас қызметкерлері, сондай-ақ колледждер Альянсы мен ERG құрамындағы Рудный индустриалды институты мен колледж студенттері қатысты.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы жақсы кәсіби дағдыларын көрсетті. Жеңімпаздар алты құзыреттілікте анықталған: дәнекерлеу технологиясы, слесарь және жонушы ісі, электр құрастырушы, инженерлік графика, сондай-ақ еңбекті қорғау. Жарыс Рудный колледждерінің базасында өтті: кен-технологиялық, политехникалық, құрылыс және көлік.
Байқаудың барлық жеңімпаздарын, қатысушыларды, сарапшыларды, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерді ERG Темір дивизионының басшысы Сергей Кузьменко құттықтады:
– Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшы мамандар жылы деп жариялап, жастар арасындағы жұмысшы кәсіптердің құндылығы мен беделін атап өтті. ERG компаниясының кәсіпорындары бұрынғыдан да тиімді және бәсекеге қабілетті жас кадрларға мұқтаж. Бүгін ССКӨБ елеулі стратегиялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сондықтан біз Рудный жастарының отбасылық дәстүрді жалғастырып, кәсіпорындардың дамуына үлес қосуы үшін бізге жұмысқа келуіне мүдделіміз.
Байқау қорытындысы бойынша «Еңбекті қорғау» құзыреттілігінде Рудный политехникалық колледжінің IV курс студенті Андрей Ивахно, «Инженерлік графика» – Рудный политехникалық колледжінің студенті Анастасия Кучеренко, «Электр құрастырушы» – Жітіқара политехникалық колледжінің оқушысы Данил Ярошевич үздік деп танылды.
Жонушы ісінде Рудный кен-технологиялық колледжінің оқушысы Дмитрий Ефралов үздік деп танылды, слесарь ісінде үздік нәтиже Жітіқара политехникалық колледжінің оқушысы Руслан Байтуов көрсетті, дәнекерлеу технологияларында алтын медальді Жітіқара политехникалық колледжінен Александр Гадлевский жеңіп алды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған балаларды осы күні жағымды тосын сый күтіп тұрды – бірден тоғыз адам ERG Темір дивизионына жұмысқа шақырту алды. Алты балада қос шақыру – Энергетика дивизионына жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.
ERG Skills байқауы WorldSkills стандарттары – жұмысшы кәсіптер саласындағы кәсіпқойлық эталоны бойынша өткізіледі. Жалпы алғанда, Қостанай облысындаға байқау 40-қа жуық адамды жинады, олар кәсіби даярлықтың лайықты деңгейін көрсетті.