Платформаның жаңартылған нұсқасымен және бизнес-процестермен танысу, сондай-ақ пайдаланушылардың пікірлерін жинау мақсатында келесі сілтеме арқылы тестілеуге қатысуға шақырамыз: https://tz.qazindustry.gov.kz/ru/auth/login.
Аталмыш стенд тестілік режимде жұмыс істейтінін және барлық әрекеттер тек демонстрациялық мақсатта жүргізілетініне назарларыңызды аударамыз.
Тізілімнің жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Бірыңғай байланыс орталығына 1465 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жаңғыртылған Tizilim ақпараттық жүйесі іске қосылады. Аталмыш жүйе жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық сатып алуларды жүргізуге арналған.