Бүгін, 9 маусымда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Кездесу барысында бизнес өкілдері мен мүдделі азаматтар вице-министрге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды өзгерту және ұзарту, барлауға арналған келісімшарттан өндіруге арналған келісімшартқа көшу, лицензияны қайтарып алу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Әрбір өтініш жеке қаралды. Иран Шархан көтерілген мәселелердің мәні бойынша түсініктемелер берді, қолданыстағы процедуралар мен құқықтық нормаларды атап өтті, сондай-ақ қолданыстағы құқықтық өріс аясында анықталған проблемаларды шешудің ықтимал тетіктері туралы баяндады.
Өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылының ашықтығы мен тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр азаматтарға белсенді ұстанымдары, айтылған ұсыныстары мен көтерілген мәселелері үшін алғысын білдірді. Ол министрліктің диалогқа ашық екенін және саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін азаматтармен және бизнеспен одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.
Азаматтарды жеке қабылдау Министрліктің ашықтықты, есептілікті және азаматтар мен бизнес өкілдерінің өтініштеріне тиімді жауап беруді қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.