Отандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 2032 жылға қарай 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады

Отандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 2032 жылға қарай 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасызетуде агрохимиялық сала маңызды орын алады. Негізгі стратегиялық міндеттердің бірі – 2030 жылға қарай жергілікті шаруаларды азот, фосфор, калий сияқты отандық тыңайтқыштардың негізгітүрлерімен толық қамтамасыз ету.

Осылайша, 2032 жылға қарай ескі жобалардықайта жаңғырту және жаңа жобаларды жүзеге асыру есебінен тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Карбамид, калий хлориді және дикальций фосфаты сияқты тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.

Еліміздің фосфориттер, калий тұзы, барит, күкірт, мұнай, газ және т.б. есебінен бай шикізат әлеуетін ескерсек, еліміздің химия өнеркәсібін дамытудың келешегі қолайлы.