Рахымжан Исақұлов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Рахымжан Исақұлов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін, 5 маусымда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар құрылыс ұйымдарының қолданыстағы лицензияларға сәйкестігін бақылау, қала аумағын дамыту және салу бойынша сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы, сондай-ақ берілген тұрғын үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу және нысанды инженерлік-коммуналдық шаруашылық көздеріне қосу тақырыптары қозғалды.

Рахымжан Исақұлов азаматтарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, олардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді.