2025 жылдың алғашқы төрт айында электротехникалық машина жасау саласында өндірілген өнім көлемі 100,2 млрд теңге болған өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1 %-ға өсіп, 135,5 млрд теңгені құрады. Нақты көрсеткіш бойынша өндіріс көлемі 1,8 есеге ұлғайған.
Ең үлкен өсім электр сымдары мен кабельдер өндірісінде – 30,5% және трансформаторлар мен электр қозғалтқыштарын өндіруде – 60,1% байқалады.
Сонымен қатар, «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы деректеріне сәйкес, қаңтар-сәуір аралығында келесі өнім түрлерінің өндірісі айтарлықтай өскен: «Талшықты-оптикалық кабельдер» – 2,4 есе (9,9 км-ден 24,2 км-ге дейін), «Қуаты 650 кВА-дан жоғары, бірақ 10 000 кВА-дан аспайтын сұйық диэлектрикі бар трансформаторлар» – 151% (851-ден 1288 бірлікке дейін), «Таратушы щиттер» – 131,1% (83 556-дан 109 598-ге дейін), «Статикалық түрлендіргіштер» – 19,7 есе (38-ден 749-5а дейін), «Салқындатқыш және мұздатқыш жабдықтар» – 2,1 есе (843-тен 1752-ге дейін).