Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!


Сіздерді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – мемлекетіміздің ұлттық бірлігінің, тәуелсіздігінің және өркендеуінің көрінісі. Олар Отанымыздың гүлденуі жолындағы жаңа жетістіктерге шабыттандыратын бай тарих пен рухани құндылықтарды бейнелейді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен бірлікке сүйене отырып, алдағы уақытта да Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосатынымызға сенімдіміз.

Мереке құтты болсын!