Еліміздің ірі тапсырыс берушілер, оның ішінде мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар отандық құндылықтың үлесін арттыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, іске асыруы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі хабарлады.
Осылайша, ресурстарды өндірумен айналысатын компаниялардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алатын тұрақты және сенімді өндірістер құру жоспарлануда.