ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков DB Engineering & Consulting GmbH компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Аталған компания – Германияның теміржол корпорациясы Deutsche Bahn AG-нің еншілес кәсіпорны. Делегацияны халықаралық нарықтар және консалтинг жөніндегі басқарушы директор Штефан Майкл Гайспергер мен Орталық Азия бойынша атқарушы директор Ральф Майкл Напель басқарды.
Кездесу барысында Павлодар облысының Екібастұз қаласында орналасқан "Проммашкомплект" ЖШС зауытында Deutsche Bahn-ға темір жол дөңгелектерін жеткізу мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорын сертификаттау рәсімінен өтуде.
Тараптар сондай-ақ жеткізілетін өнім номенклатурасын ұлғайту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді.
Вице-министр мен Гайспергер мырза екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жобаны табысты іске асыруға және әріптестерді одан әрі нығайтуға тілек білдірді